Рейтингтер мен мүшелік

qs

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті QS World University Rankings: Asia 2026 рейтингіне енді

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті алғаш рет беделді халықаралық QS World University Rankings: Asia 2026 рейтингіне кіріп, Азия елдері арасында 1001–1100 орнын және Орталық Азия университеттері арасында 59-шы орынды иеленді.

QS рейтингі университеттерді академиялық және жұмыс берушілер алдындағы беделі, ғылыми мақалалардың дәйектілігі, интернационализация деңгейі, академиялық мобильдік және ғылыми байланыстарды дамыту сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды.

ALT Университетінің осы рейтингке енуі оның білім сапасы, ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктерінің маңызды мойындалуы болып табылады. Университет тұрақты даму стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асырады, шетелдік университеттермен серіктестіктерді нығайтады, сондай-ақ көлік технологиялары, логистика және цифрлық шешімдер саласындағы инновациялық бағыттарды дамытады.

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің жетістігі Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бір ретінде мәртебесін айқындап, халықаралық білім беру аренадағы позицияларын одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

21.04. — 23.04.2026 ж. ALT Университетінің 25 білім беру бағдарламасы халықаралық бағдарламалық аккредиттеуден сәтті өтті.

Аккредиттеу органы: Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (САААЕ).

САААЕ Аккредиттеу Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша: «5 жыл мерзімге 17 білім беру бағдарламасы және 3 жыл мерзімге 8 білім беру бағдарламасы аккредиттелсін».

АLT Университетінің ұжымын білім беру бағдарламаларын табысты халықаралық аккредиттеуімен құттықтаймыз!
Жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

01.12. – 02.12.2025 ж. ALT Университетінің 22 білім беру бағдарламасы халықаралық бағдарламалық аккредиттеуден сәтті өтті.
Аккредиттеу ұйымы: Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA).
IQAA Аккредитациялық кеңесі отырысының нәтижесі бойынша қабылданған шешім:
10 бакалавриат және 12 магистратура бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелсін.

ALT Университеті ұжымын білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитациясымен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті ақпараттық қауіпсіздік саласындағы позицияларын нығайтуда!

2025 жылғы 19 мамырдағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының №740 бұйрығына сәйкес, кадрлар даярлаудың маңызды бағыты – 6В063 «Ақпараттық қауіпсіздік» бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға KZ88LAM00001234 лицензиясына қосымша берілді. Осы негізде 6В06328 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы әзірленді.

Университет ұжымын осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – алдағы инновациялық серпілістерге, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және заманауи әлем талаптарына жауап бере алатын жаңа кәсіби буынды даярлауға зор серпін болсын!

21.10. 22.10.2024 ж. «ALT Университеті» халықаралық бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеуден өтті.

Аккредиттеу органы: Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA).

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Аккредиттеу Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша шешім шығарылды:

Докторантураның білім беру бағдарламаларын 5 жыл мерзімге аккредиттеу:

  • 8D07158 Автоматтандыру және басқару
  • 8D07160 Электр энергетикасы

«Мұхамеджан Тынышпаев атындағы АLT Университеті» АҚ ұжымын табысты халықаралық бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеуімен құттықтаймыз!
Жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!