Жобалаудан іске асыруға: «ҚазДорПроект» базасындағы дуалды оқыту

20/04/2026

2025–2026 оқу жылының 2-семестрінде «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасының АДА-22-1р тобы студенттері үшін «ҚазДорПроект» жобалау-іздестіру институтында дуалды оқыту ұйымдастырылды. 16 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен оқу бағдарламасы «Автомобиль жолдарын қайта салу» пәніне негізделді.

Жобаның бас инженері, өндірістік жетекші А. Нурхамытованың бақылауымен студенттер:

  • Автомобиль жолдарын жаңғырту мен қайта салудың заманауи әдістерін зерттеді;

  • Салалық нормативтік талаптармен (ҚР ҚН мен Ережелер жинағы) танысты;

  • Күрделі жобалық-сметалық құжаттамамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгерді.

Бұл формат студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, оларды жобалау саласындағы нақты жұмысқа дайындауға септігін тигізді.

👁 12