2026 жылғы 21 наурызда технологиялық «үзіліс» (окно) кезінде «Ақсеңгір» станциясында түйіспесіз жол мен бұрмалы бұрғының түйіскен жеріне теңестіруші түйіспені орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл өндірістік-технологиялық шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» басшылығымен бірге М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көлік құрылысы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Бұл жұмыстың поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы зор: теңестіруші түйіспе рельс иіндерінің температуралық кернеуін реттеп, бұрмалы бұрғыға қауіпті салмақ түсуінен қорғайды. Оқытушылардың мұндай күрделі өндірістік процестерге тікелей қатысуы білім мен өндірістің интеграциясына және студенттерді даярлау сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай келеді:
-
ТДМ 4 — Сапалы білім: нақты өндірістік процестер негізінде практикалық дағдыларды дамыту.
-
ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру.
-
ТДМ 9 — Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: теміржол саласына заманауи технологияларды енгізу.
-
ТДМ 11 — Тұрақты қалалар мен елді мекендер: сенімді көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.
Мұндай шаралар университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, теміржол желісінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.


