ТДМ аясында Көлік құрылысы кафедрасында оқу-практикалық аудиторияның ашылуы

30/03/2026

2026 жылғы 19 наурызда Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көлік құрылысы» кафедрасында «Теміржол жолының құрылысы» мамандандырылған оқу аудиториясы салтанатты түрде ашылды.

Көрнекті тұлғалар — «Қазақстанның Еңбек Ері», құрметті теміржолшы Қ.С. Сәмбетов пен құрметті теміржолшы Қ.Е. Естемісов салтанатты түрде лента қиып, жаңа білім ордасының жұмысына ақ баталарын берді.

Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының басшылығы мен жол дистанцияларының бастықтары, сондай-ақ ALT Университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жаңа аудитория студенттердің практикалық дағдыларын шыңдауға және өндіріспен байланысты нығайтуға бағытталған.

Бұл іс-шара келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді:

  • ТДМ 4 — Сапалы білім: білім беру үдерісін заманауи техникалық құралдармен жабдықтау.

  • ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлау.

  • ТДМ 9 — Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: көлік саласының инфрақұрылымын дамыту.

Мұндай бастамалар еліміздің көлік саласын ілгерілететін жоғары білікті мамандарды дайындауға септігін тигізеді.

👁 11