ALT Университеті базасында эдвайзерлерге арналған Жазғы мектеп

02/09/2025

2025 жылғы 22 тамызда Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 мекенжайында орналасқан ALT Университеті базасында эдвайзерлерге арналған Жазғы мектеп өтті. Іс-шара ALT Университеті мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Бағдарлама аясында Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибелі психолог мамандары шақырылып, өзекті тақырыптар ұсынылды:

  • Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті– «Қақтығыстану» (психолог Биманова А.И.);
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті– «Студенттердің деструктивті мінез-құлқының маркерлері» (психолог Алминова Д.С.);
  • Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті– «Кәсіби күйзелудің алдын алу» (психолог Сүлейменова А.М.).

ALT Университеті атынан іс-шараға Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахимәлиевна қатысты. Ол ТӘЖД-мен бірге Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, бағдарламаны модерациялады және студенттерге психологиялық қолдаудың маңыздылығына, сондай-ақ деструктивті мінез-құлық тәуекелдерін дер кезінде анықтаудың өзектілігіне ерекше тоқталды.

Жазғы мектеп барысында қатысушылар қақтығыстану, кәсіби күйзелудің алдын алу және студенттердің деструктивті мінез-құлқын уақтылы анықтау секілді өзекті мәселелерді талқылады. Эдвайзерлердің қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ЖОО арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ студенттерге психологиялық қолдау көрсету бойынша эдвайзерлердің құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. ALT Университеті тәрбие және әлеуметтік жұмыс саласындағы жетекші мамандарды біріктіретін алаң ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.

👁 7