ALT-да ашық аспан астындағы кинокеш!

08/09/2025

30 тамыз күні Бейімдеу апталығы аясында «Qamqor Bol» ҚҚ ұйымымен бірлесе отырып, 1-курс студенттеріне арналған кинокеш өтті

Студенттер ашық аспан астында қазақстандық «Мафия» фильмін тамашалап, жаңа таныстар тауып, керемет атмосферада уақыт өткізді.

Кеш бағдарламасында:

  • Сыйлықтар ойнатылды
  • Тегін тәттілер — попкорн, жүгері және Red Bull
  • Фотобудка — есте қалар сәттерді естелікке қалдыру үшін

Кеш соңында фильм актерлерімен ашық микрофон ұйымдастырылып, студенттер сұрақ қойып, түсірілім барысындағы қызықты сәттермен танысты.

Бұл кеш студенттік өмірдің жарқын бастауы болды!

👁 7