Адам және Табиғат: ALT студенттері экологиялық мәселелерді талқылады

03/04/2026

2026 жылғы 2 сәуірде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Н. Досжанова 1-курс студенттері арасында «Адам мен табиғаттың экологиялық өзара әрекеттесуі» атты пікірталас ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың назарын экологиялық түйткілдерге аудару және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жауапты көзқарас қалыптастыру. Пікірталас барысында студенттер адамзаттың табиғатқа әсері мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдары туралы өз ойларын ортаға салып, қызу пікір алмасты.

Бұл бастама университет қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктірудің және студенттердің экологиялық мәдениетін арттырудың жарқын үлгісі болды.

👁 12